Павлодарда ТЖМ қызметкері пара алғаны үшін үш жылға сотталды

Azattyq Rýhy

Айыпталушы кінәсін толық мойындады

Павлодарда ТЖМ қызметкері пара алғаны үшін үш жылға сотталды

Павлодар қаласының № 2 сотымен ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің бөлім басшысы Т.-ға қатысты ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот анықтағандай, 2021 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы қарашаға дейін Т. «KSP Steel»ЖШС бас техникалық басшысынан 1 399 000 теңге сомасында пара алды.

Пара өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік органның талаптарын, қаулыларын және нұсқамаларын орындамағаны үшін ЖШС-ні әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін берілген.

Айыпталушы кінәсін толық мойындады. 

«Прокурор 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады. Сотталушы Т. кінәсін толық мойындады, бас бостандығынан айырмауды өтінді. Жасалған қылмыс заң бойынша ауыр қылмыстар санатына жатады, ол үшін айыппұл немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сот Т.-ның кінәсін мойындауын, өкінгенін, сондай-ақ бұрын сотталмағанын ескерді. Сонымен қатар, сот кінәсін ауырлататын мән-жай ретінде мемлекеттік қызметшінің өзі қабылдаған антын бұзды деп таныды. Осыны ескере отырып, Т.-ға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Т. өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Оған жазасын өтеу қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.