«Шоколадты киімінің ішіне жасырған»: Астанада дүкенде ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Azattyq Rýhy

Күдікті түскі уақытта дүкенге клиент кейпінде келген

«Шоколадты киімінің ішіне жасырған»: Астанада дүкенде ұрлық жасаған ер адам ұсталды
Фото: Астана қалалық ПД

Полицияға елордалық ЖШС өкілі жүгініп, Республика даңғылындағы супермаркетте жасалған тонау фактісі бойынша арызданған. Астана қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тонауға қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы қала тұрғынын кезекші тәулікте анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тергеу барысында ер адамның түскі уақытта дүкенге клиент кейпінде келгені белгілі болды. Сауда залында тауарларды қарап жүріп, сөреден бірнеше шоколадты киімінің астына жасырып, кассадан төлемей қашып кеткен. Қаскүнемнің күдікті әрекетін байқаған кассадағы сатушы тонаушының артынан жүгіріп шыққан, алайда қуып жете алмаған», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.