Шымкентте конкурсқа негізсіз жіберілмеген 100 кәсіпкердің құқықтары қорғалды

Azattyq Rýhy

Білім басқармасы бастығының орынбасары және бөлім басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды

Шымкентте конкурсқа негізсіз жіберілмеген 100 кәсіпкердің құқықтары қорғалды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қала прокуратурасы қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссия шешімінің заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Талдау барысында комиссияның құрамы дұрыс құрылмағаны, құжаттардың өтініш берушілердің қатысуынсыз қаралғаны, кәсіпкерлердің құқықтарын шектейтін негізсіз бас тарту сипатында шешім қабылданғаны анықталды. Қадағалау актісі бойынша хаттамалық шешімінің күші жойылып, конкурсқа негізсіз жіберілмеген 100 кәсіпкердің құқықтары қорғалды», - делінген Шымкент қаласының прокуратурасының хабарламасында.

Заң бұзушылықтарға жол берген білім басқармасы бастығының орынбасары және бөлім басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қайталама конкурс өткізілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.