08.06.2024, 07:01
Қоғам
Ақтөбе облысында аудандық аурухананың дәрігері алаяққа алданды
Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 46 жастағы әйелді анықтады
Фото: istockphoto.com
Ақтөбе облысындағы аудандық ауруханалардың бірінде жұмыс істейтін тіс дәрігері полиция алаяқтық фактісі бойынша арызданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, жақын таныс емес әйел мемлекеттік қордан өтеусіз несие алуға және көпбалалы отбасы ретінде пәтер алуға көмек көрсететінін айтып, оның 2 млн теңге сомасындағы ақшасын иеленген.
«Жәбірленуші ақшаны терминал арқылы аударған. Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 46 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді