$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2024, 02:00
Қоғам

Павлодарлық тұрғынға автосалон бампері қайта боялған көлікті сатқан

Автосалон мен өндірушінің өкілдері қайта бояу жұмыстарын жүргізбегенін айтты

Павлодарлық тұрғынға автосалон бампері қайта боялған көлікті сатқан
Фото: istockphoto.com

Бұл мәселе көлікті тапсыру кезінде бірден анықталды. Алайда автосалон өз кінәсін мойындамады. Содан соң сатып алушы тұтынушы құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап.

Көлікті қабылдау кезінде сатып алушы бамперде сызат бар екенін байқады және оны қабылдау-тапсыру актісінде белгіледі.

Содан кейін ол көлікті арнайы құрылғымен тексеріп, автосервиске барды. Ол жерде бампер мен жүк салғыш тұсы қайта боялғаны анықталды.

«Тұтынушы автосалонға тауарды ауыстыру және қайтару талаптарын қойды, бірақ оның өтініштері нәтиже бермеді», - деп хабарлады сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті.

Автосалон мен өндірушінің өкілдері қайта бояу жұмыстарын жүргізбегенін айтты.

Департамент автосалонға сұрау салды. Нәтижесінде бампер мен жүк салғыштың бөлшегі жаңасына ауыстырылды, тұтынушыға тегін техникалық қызмет көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары