08.06.2024, 00:30
Қоғам
Елордада 33 жастағы әйел жалдамалы пәтерден тұрмыстық техниканы ұрлап кеткен
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Фото: istockphoto.com
Астанада 33 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай күдікті бикеш пәтерді бірнеше күнге жалға алған. Бір-екі күн тұрған соң пәтерді босатып, өзімен бірге құны 200 мың теңге тұратын «AVA» маркалы теледидарын иемденіп кеткен.
«Тұрмыстық техниканың жоғалғанын үй иесі пәтерді қайта жалға беруге келгенде біліп, содан кейін құқық қорғау органдарына хабарласқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты