Алматыда заңсыз курьерлік қызмет көрсеткен шетелдіктер анықталды

Azattyq Rýhy

Олардың әрқайсысының жеке басын анықтау және одан әрі жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде

Алматыда заңсыз курьерлік қызмет көрсеткен шетелдіктер анықталды
Фото: Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі

Бұл деректерді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері «Заңсыз» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шетелдік 9 азаматтың көші-қон заңнамасының талаптарын бұза отырып, еңбек қызметін жүзеге асырғаны белгілі болды. Атап айтқанда, курьерлік платформалардың бірінде олар қазақстандықтар болып тіркеліп, тауарларды жеткізуге тапсырыстар алды. Сонымен қатар, тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтардың өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары болмағаны анықталды», -деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.

«Қылмыстың алдын алу туралы» Заңның 29-бабының ережелеріне сәйкес, шетелдік құқық бұзушылар қабылдап-таратуға орналастырылады. Олардың әрқайсысының жеке басын анықтау және одан әрі жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.