07.06.2024, 17:53
Қоғам
Қазақстанда мектептерге вейп алып кіруге тыйым салынады
Бұйрық 20 маусымнан бастап күшіне енеді
Фото: © istockphoto.com
Оқу-ағарту министрлігі мектептерге кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімін толықтырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Оған сәйкес, білім беру ұйымдарына және олардың аумағына енгізуге тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесі электрондық тұтыну жүйелері (вейптер) және электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге) арналған хош иістендіргіштермен толықтырылды. Яғни вейптерді енді мектепке алып кіруге болмайды.
Бұйрық 2024 жылғы 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында президент вейптерді сатуға және таратуға тыйым салатын заңға қол қойған еді.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты