Қытайдың жаңа дәуірі: миллиард халықты жаңғырту қалай жүргізіліп жатыр

Аягөз Құрмаш

Бүгінде ҚХР-да 1,4 млрд адам тұрады

Қытайдың жаңа дәуірі: миллиард халықты жаңғырту қалай жүргізіліп жатыр
Фото: Azattyq Rýhy

Бейжіңде ресми тіркелген халық саны 24 млн-ды құрайды. Алайда Бейжің университетінің профессоры Хань Боуэн астанада жұмыс істейтін және тіркелмеген адамдарды қосқанда адам саны 40 млн-ға жетуі әбден мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қытайды жаңғырту мен жаңа дәуірді қалыптастыру идеясын ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ҚКП-ның 20-шы съезіндегі баяндамасында ұсынған.

Бас хатшы Си Цзиньпин Қытайды жаңғыртудың ғылыми коннотациясы мен негізгі талаптарын түсіндіреді. Бұл оқиға 2022 жылғы ҚКП-ның 20-шы съезінің басты баяндамасы мен қытайлық жаңғыру теориясының үлкен жаңалығы болды. Осы маңызды ғылыми тұжырымды терең зерттеу және түсіну қытайлықтарға Қытай модернизациясы арқылы қытай ұлтының жан-жақты қайта жандануына ықпал етпек.

Профессор Қытай жаңғыруның негізгі аспектілері жайлы айтып берді.

«Қытайлық модернизация-бұл ҚКП басшылығымен жүзеге асырылатын Социалистік модернизация. Ол әлемнің әртүрлі елдерін жаңғыртудың өзінің ұлттық ерекшелігіне негізделген Қытай стиліне ие», - дейді ол.

Қытайдың жаңғыруына қатысты түрлі елдің спикерлері де пікір білдірген. Мәселен, ресейлік сарапшылар Қытайдағы жаңғыруды социалистік деп атайды. Қытай жаңғыруын ерекшелендіретін ұлттық стиль болып саналады. Сондай-ақ Қытайды жаңғырту халықтың аса көп болғанына қатысты күрделене түседі. Себебі халықтың барлық санатына жаңғырту жүргізу өте көп күш-жігерді қажет етеді.

«Қытайда қазір ұрылар жоқтың қасы деп айтуға болады. Себебі елде әр шаршы метр сайын бақылау камералары орнатылған. Яғни, цифрландыру арқылы халық өзінің жүріп-тұруына, мінез-құлқына ұстамды болуын тәрбиелейді. Сондай-ақ біздің елде мас күйінде көлік жүргізгендер өмір бойына мемлекеттік қызметке жіберілмейді. Цифрландырудың тағы бір артықшылығы ешкім қалтасында ақша ұстамайды. Барлық төлемдер телефон арқылы жүзеге асырылады. Бұл да қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір құралы», - дейді Хань Боуен.

Қытай жаңғыртуы жайлы қазақстандық экономист Рахым Ошақбаев та пікір білдірген.

«Жаңғырту дегеніміз - қоғамдық қауымдастық пен экономикалық құрылымдар адамдардың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі. Кедейлікті жеңу, өмір сүрудің орташа ұзақтығының көрсеткіштері бойынша Қытайда бұл үрдісті байқауға болады. Қытай ғылыми жаңалықтар мен ғарышты игеру, халықтың жағдайын жақсарту бойынша үлгі болады. Олар батыстың инклюзивтік институттарын қолданбай жүзеге асырды. Қытай жаңғырту процесін мәдени ерекшелік пен салт-дәстүр, әлеуметтік капиал арқылы жүзеге асырды. Сондықтан Қытай тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы пионер бола алады деп ойлаймын», - деді Рахым Ошақбаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.