Павлодар облысында жеке сот орындаушылар 80 млн-нан астам проблемалық алиментті өндіріп алды
Алимент ала алмай жүрген 50-ге жуық бала қаржы алды

Алименттерді мәжбүрлеп өндіріп алу жұмысы - күрделі және өте ұзақ процесс. Азамат ресми түрде жұмыс жасамаған жағдайда сот орындаушыларының заң аясында қолданатын мәжбүрлеу шаралары - есепшотқа тыйым салу немесе елден шығу сияқты нәтиже бермей жатады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мәселен, ресми түрде жұмыс жасамай жүрген облыс тұрғыны 2 жыл бойы 4 миллион теңгеге жуық алимент қарызын жүргізу куәлігін тоқтатқан кезде төледі. Бұл борышкерлердің 250 АЕК көлемінде қарыз болған жағдайда қолданылатын тиімді шара.
«Қазіргі уақытта ер адам ресми түрде жұмысқа орналасқан, оның жалақысынан ай сайын төленетін алимент ұсталып отыр. Бүгінде облыс бойынша проблемалық алимент бойынша қарыздың жалпы сомасы 800 миллион теңгеге жуықтаған. Атқарушылық өндіріс бойынша сомалар бірнеше жүз мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. Өңірде алимент өндіру бойынша істердің өсуіне байланысты борышкерлермен жұмыс күшейді. Сот орындаушылардан жасырынған борышкерлердің тұрғылықты жері бойынша полиция қызметкерлерімен рейдтік шаралар өтеді», - деп хабарлайды жеке сот орындаушылары республикалық палатасының баспасөз қызметі.
Мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде жыл басынан бері 45 борышкер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.