$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2024, 12:37
Қоғам

ЮНИСЕФ қазақстандық жастарға психологиялық қолдау көрсететін платформаны іске қосуды ұсынды

Қазақстан - платформаны қосуға таңдалған алғашқы ел

ЮНИСЕФ қазақстандық жастарға психологиялық қолдау көрсететін платформаны іске қосуды ұсынды
Фото: unicef.org

БҰҰ балалар қорының жастар және жасөспірімдердің дамуы бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадирова Сенаттағы Үкімет сағатында жасөспірімдер мен жастардың арасында өлім-жітім себептерін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ұлттық статистика бюросының 2022 жылғы статистикасына сәйкес, 10-36 жасқа дейінгі жастар арасындағы өлім-жітімге жазатайым оқиғалар мен жол апаттары, суицид болып отыр. Алайда өлім-жітімнің терең себептері мүгедектік пен жұмыс істей алмаудың көрсеткіші делінген. Жол апаты мен өзіне зиян келтіру жастар арасындағы статистика мен жұмыс істеуге кері әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ бұл елдегі барлық халықтың өмір сүру ұзақтығына әсер етіп отыр», - деді Айгүл Қадирова.

Оның айтуынша, 15-19 жас аралығындағы жастардың өлім-жітімі бойынша суицид жасау алғашқы орынға шығып отыр.

«Жол апатынан өлім-жітімді азайту үшін ДДСҰ-ның жол қауіпсіздігіндегі 5 қауіпсіздік ережесін орындауы керек. Психикалық ауытқудың басым бөлігі жасөспірім кезеңде басталады. Осы кезде оларға көмек көрсету қажет. Алайда жастар ондай кезде көмекке жүгінбейді. Осы орайда психологиялық саулықты МӘМС жүйесінде қамтитындай жұмыс істеу керек. Жастарға онлайн қызмет көрсетуді кіріктіру қажет. ЮНИСЕФ Еуропада жастардың менталды саулығын қамтамасыз ететін  «you support» жобасын әзірледі. Қазақстан осы платформаны жүзеге асыратын алғашқы ел болып таңдалды. Біз Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері қолдау көрсетеді деп ойлаймыз. Плтаформа мемлекеттік және жеке сектордағы психологтарды көмек, ақпарат пен қолдау керек жастарға қолдау көрсетуге арналған», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары