$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.01.2024, 09:15
Қоғам

Алдағы күндері Алматыда 7 балдық күшті жер сілкінісі болмайды – сейсмологтар

Қазіргі уақытта Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жерасты дүмпуінің афтершогы бәсеңдеп жатыр

Алдағы күндері Алматыда 7 балдық күшті жер сілкінісі болмайды – сейсмологтар
Фото: dzen.ru

Алматы әкімдігі Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Комиссия қорытындысына сәйкес, алдағы күндері Алматыда күшті жер сілкінісі болмайды.

«Алдағы күндері Алматы болжау полигонының аумағында магнитудасы 5,6  ал қарқындылығы 7 балл және одан жоғары балды құрайтын (MSK -64 – сейсмикалық шкаласы бойынша) күшті жер сілкіністері 70% ықтималдықпен күтілмейді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қытай мен Қырғызстан шекарасында 23 қаңтарда 00 сағат 09 минутта 7 магнитудасымен болған жер сілкінісінің афтершогы бәсеңдеп жатыр.

Еске салайық, 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да (қайталанып Алматыда сағат 00:42-де - 2 баллдық және 01:36-да сезілмей) болған жер сілкінісі еліміздің үш қаласы мен үш облысында сезілген.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізді.

Белгілі болғандай, жер сілкінісі кезінде Алматыда 8 адам зардап шеккен, жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3-қабатынан секіріп кеткен, олардың бірі ауруханада жатыр.

Сондай-ақ Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты қалалық білім басқармасы мәлімдеме жасап, 23 қаңтарда қаладағы мектептер мен колледждердің бірінші ауысымындағы сабақтар болмайтынын мәлімдеді.

Мегаполисте 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті.

Соңғы ақпарат бойынша жерасты дүмпуі таңғы сағат 5.19-да Қырғызстан мен Қытай шекарасында болып, Алматыда 2 балл сезілген.

Серіктес жаңалықтары