$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қырғызстан мен Қытай шекарасында тағы бірнеше жер сілкінісі тіркелді

Соңғы екі жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілген жоқ.

Қырғызстан мен Қытай шекарасында тағы бірнеше жер сілкінісі тіркелді
REUTERS

Қырғызстан мен Қытай шекарасында тағы екі жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкіністері 23 қаңтарда таңғы сағат 7.18 және 7.52-де тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер» ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 262 шақырым және 277 шақырым жерде орналасқан.

«Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ», - делінген ақпаратта.

Айта кетсек, бұған дейін де жерасты дүмпуі таңғы сағат 5.19-да Қырғызстан мен Қытай шекарасында болып, Алматыда 2 балл сезілген.

Еске салайық, 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да (қайталанып Алматыда сағат 00:42-де - 2 баллдық және 01:36-да сезілмей) болған жер сілкінісі еліміздің үш қаласы мен үш облысында сезілген.

Серіктес жаңалықтары