23.01.2024, 09:37
Жаңалықтар
Сеулдегі «қанды» Хэллоуин: айыпты анықталды
2022 жылы 29 қазанда болған оқиғада 159 адам көз жұмған
Anthony Wallace/AFP/Getty Images
Оңтүстік Кореядағы 2022 жылғы Хэллоуин оқиғасы үшін Сеул полициясының басшысы айыпты деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы CNN хабарлады.
«Қызметіне салғырт қарағаны салдарынан Итэвон ауданында шамадан тыс көп адам жиналды және оның соңы 159 адамның өлімімен аяқталды», - деді CNN жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
2022 жылы 29 қазанда болған оқиғадан көз жұмғандар қатарында қазақстандық студент Мадина Шерниязова болғанын еске саламыз.
Айта кетерлігі, Сеул полициясының басшысы Ким Кван Хо – бұл оқиға үшін айыпты деп танылған Корея құқық қорғау жүйесіндегі ең жоғары лауазымды тұлға. Бұған дейін екі полиция қызметкері дәлелдерді жасыруға тырысқаны үшін сотталған болатын.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды