Алматы әкімі жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізді
Полиция департаменті штаттық режимде қызмет атқаруда

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр, онда одан әрі іс-қимыл жоспары талқылануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдікке сілтеме жасап.
Қаладағы тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі жұмыс істеп тұр. Полиция департаменті штаттық режимде қызмет атқаруда. Барлық мектеп пен балабақша ашық, халықты жинау пункттері сақадай сай.
«Жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимге көшті. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және таратпауларыңызды сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», - деп хабарлады әкімдіктен.