Тұрғындар үрейлі: Алматыда жер сілкінді
Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде сезілді
Алматыда жер сілкінді. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ресми мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.
Алматы тұрғындары үрейленіп, үйінен көшеге, далаға шығуда.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеген. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болған.
Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.
Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде сезілді.