$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Шығын 49 млн»: Шымкентте «Свой дом» қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Қаржы пирамидасын құрғандар 10 жылға дейін сотталады

«Шығын 49 млн»: Шымкентте «Свой дом» қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте қаржы пирамидасын құрғандарға сот үкім шығарды. «Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қалалық департаменті аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.

«Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берген. Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды», - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Сот үкімімен екі адам кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚМА қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу арқылы жазаланатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары