$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қомақты ақша ұсынады»: танымал блогерлер хиджабтарын шешіп тастады

Екі блогердің  де хиджаб тағып-шешкенін қоғам айыптап жатыр 

«Қомақты ақша ұсынады»: танымал блогерлер хиджабтарын шешіп тастады
Фото: Instagram/Ботагөз Балабекова

Жаңа жылда 500 мыңға жуық оқырманы бар блогер Ботагөз Балабекова әлеуметтік желідегі парақшасын жаңартып, жаңа сурет жарияды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жылы лебіздеріңізге рақмет! Маған тілегендеріңізді сіздерге де тіледім. Сіздерді қатты сағындым», – деп жазды блогер.

Сондай-ақ ол мамыр айында дін туралы жазып, хиджаб кигенін айтқан болатын. Блогер қыз жігітпен  көңіл қосқанын да жасырмады. Кейін фотолардың бәрін өшіріп, әлеуметтік желіге ат ізін салмай кетті.

Араға 8 ай салып оқырмандарымен қауышқан блогер парақшасындағы пікір жазатын бөлімін алып тастаған. Осыған дейін блогерлер арасында хиджаб киюден марафон болған сияқты көрініп еді. Блогер Рамина Таипова да мамыр айында хиджаб кигенін жариялаған, кейін ол да хиджабын шешіп, әлеуметтік желіде суреттерін жариялай бастады.  

 Instagram Рамина Таипова

Жарияланған суреттердің астында «Сәтжанның айтқаны дұрыс екен. Спектакль бітті. Хиджаб киетін келісімнің уақыты біткен ғой. Бұл хиджаб таққанда, оның шешетінін білген едім» деген пікірлер жазылған.

Еске салсақ, танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жұлдыздарға хиджаб кию үшін ақша ұсынатындар бар дегенді айтқан болатын.

«Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүріміз бар. Келер ұрпаққа жеткізуіміз керек тарихымыз бар. Бірнеше онжылдықтан соң қазақ қыздары түгел қап-қара хиджаб киіп жүрсе, өзіңіз ойлаңызшы. Біздің қалауымыз осы ма? Бұл мәселені неге көтердім? Себебі блогерлерден оларға хиджаб кию үшін қомақты қаржы ұсынғанын естігенмін. Мен осыдан қорқамын», - деді Сәтжан.

Серіктес жаңалықтары