Президент қоғамда бар мәселелер мен сауалдарға мағыналы жауаптар берген – сарапшы

Аягөз Құрмаш

Бауыржан Серікбаев Президент айтқан бастамаларды атап берді 

Президент қоғамда бар мәселелер мен сауалдарға мағыналы жауаптар берген – сарапшы
Фото: facebook.com/Bauyrzhan Serikbayev

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Бауыржан Серікбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатындағы маңызды мәселелерді атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Барлық елде шешім қабылдаушы тұлғалардың, мемлекет басшыларының мәлімдемесі, сұхбаты, халыққа Жолдауы қоғамның назарын аударатыны сөзсіз. Бұл белгілі кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылайтын, мемлекеттің келешек даму векторының контурларынан хабар беретін, халықаралық қатынастағы геосаяси процестерге қатысты белгілі месседждер белгісі көрінетін қоғаммен байланыстың бір формасы», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, сұхбатта ел өміріндегі, халықаралық қатынастағы процестерге қатысты маңызды тақырыптар көтерілген.

«Президент еліміздегі негізгі саяси реформалар барысына тоқталып, Мәжіліс, маслихаттарды жаңа талаптармен, ауыл, аудан мен қала әкімдерін халықпен сайлаудағы реформалардың басты мақсаты саяси жүйені демократиялы, бәсекелі форматқа түсіру екендігіне тоқталған», - деді Серікбаев.

Ол атағандай, Қазақстанда әділ және бәсекелі экономика жүйесін қалыптастыру бағытында реформалар барысы 2024 жылы да жалғасады.

«Негізгі стратегиялық мақсаттардың бірі 2029 жылға қарай ІЖӨ-ді 450 млрд долларға жеткізу. Еліміздегі инженерлік инфрақұрылымды толық жаңарту бағытында Үкіметтің жұмысы белсенді жүргізіледі. «С5+» форматындағы ықпалдастық, барлық көршілерімізбен, әлемнің барша елдерімен өзара әріптестік, дипломатиялық, достық қарым-қатынасқа негізделген теңгермелі, тежемелі сыртқы саясатымыз жалғасады. АЭС құрылысын салу бүкілхалықтық референдуммен шешіледі. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Әділетті Қазақстан қағидаттарының орындалуының бір көрінісі болмақ», - деді ол.

Сарапшы атағандай, қоғамда бар мәселелер мен сауалдарға, халықаралық қатынастағы процестерге Мемлекет басшысы тарпынан терең, мағыналы жауаптар берілген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.