$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2020, 13:43
Қоғам

Автокөлікті онлайн тіркеуге мүмкіндік жасалады – Оспанов

Әзірге бұл қызметті автокөлікті салоннан сатып алған азаматтар қолдана алады

Автокөлікті онлайн тіркеуге мүмкіндік жасалады – Оспанов
Фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов төтенше жағдай кезінде ел азаматтары көлікті онлайн түрде тіркеуге жағдай жасалатынын айтты.

«Алдағы уақытта автокөлікті тіркеуді онлайн режимге ауыстырамыз. Бұл қызметті автокөлікті салоннан сатып алған азаматтар қолдана алады. Егер сіз көлігіңізді басқа азаматқа сатып, оны қайта тіркегіңіз келсе, оны электронды үкіметтің порталында және egov mobile қосымшасында жүзеге асыруға болады», - деді вице-министр. 

Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде электрондық үкіметтің жұмысы туралы ақпар берді. Оның айтуынша, 1414 бірыңғай байланыс орталығы қызметкерлердің санын 200-ден 2000-ға дейін арттырған.

«Күн сайын 400-ге дейін қоңырау келіп түседі, ең көбi сағатына 600 000-ға дейін қоңырау тіркелді. ТЖ кезінде электрондық үкімет порталына түсетін жүктеме 20 есеге артты. Порталдың жұмысқа қабілеттілігін қолдау үшін 2 мыңнан астам процессор және басқа да жүйе құраушы бағдарламалар бөлінген», - деді Абылайхан Оспанов.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары