Қостанай облысында ерлі-зайыпты екеуден коронавирус анықталды
Екеуі де Қостанай облысында бірінші болып тіркелген азаматпен байланыста болған

Коронавирус жұқтырған Қостанай қаласының тұрғындары 1990 және 2000 жылдары дүниеге келген. Ерлі-зайыпты екеу шет елден келген бойда карантинге жатқызылған. Олар Қостанай облысында бірінші болып тіркелген азаматпен байланыста болған, Алматы қаласына «Шарм-әл-Шейх» (Мысыр) рейсімен бірге ұшып келген.
«Бұл жағдай болжам бойынша күтілді, себебі вирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған. Аталған азаматтар бақылауға алынды. Казіргі таңда олар карантиндік госпитальден облыстық аурухананың инфекциялық бөліміне ауыстырылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», - делінген хабарламада.
Естеріңізге салсақ, Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы азамат 3 сәуірде тіркелді. Қазір облыс аумағында қауіпті вирус жұқтырғандар 3 адамға жетті.