07.04.2020, 13:36
Қоғам
КВИ-дан жазылып шыққан ақтөбелік Испания арқылы ұшып келген
Бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырған 47-ші адам айығып шықты
Коронавирустан айыққан науқас Ақтөбе облысының азаматы. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ол ауруханаға 22 наурыз күні сағат 06.05-те келіп түскен. Испания арқылы транзитпен ұшып келген. Зертханалық талдау нәтижесінде оның бойында вирус бары анықталған.
«Вирус анықталғаннан кейін 14 күн өткен соң (инкубациялық кезең – ред.) тағы да анализ алынды. Нәтижелері теріс болды. 7 сәуірде ауруханадан шығарылды. Жағдайы қанағаттанарлық», - делінген хабарламада.
Коронавирустан жазылған ақтөбелік тағы 14 күн дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде болады.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты