$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.12.2023, 08:49
Қоғам

Еліміз бойынша мыңнан астам адам қар құрсауынан құтқарылды – ІІМ

Тасжолдар бойында полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет етіп жатыр

Еліміз бойынша мыңнан астам адам қар құрсауынан құтқарылды – ІІМ
Фото: polisia.kz

10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, кейбір өңірлерде экстремалды жағдайлар байқалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін трассаларда полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет етуде. Кейбір аймақтардың жолдарындағы патрульдік экипаждар саны 2-3 есеге көбейтілді.

«ҚазАвтоЖол» мен полицияның ескертулеріне қарамастан кейбір жүргізушілер трассаға шығып кетіп, тек полицейлердің көмегімен ғана қайғылы оқиғалардың алдын алатын жағдайларға тап болып жатқанын айту керек.

«12 облыста халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскелері жабылды. Барлығы 100 учаскеден астам. Жұмыс істеп жатқан жылыту пунктерінің саны – 500. Жолдарда суыққа тоңазыған 1012 адам құтқарылды. Оның ішінде 25 бала. 1100 жүргізушілерге көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.

Барлық экипажда арнайы дәрі-дәрмек қобдишасы бар. Олардың барлығы алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген.

Негізінен сақшылар жолда қалған азаматтардың суыққа тоңған көлік жанармайын жылытуға, бұзылған көлікті жөндеуге, жылыту пункттеріне эвакуациялауға көмектесті және тізбектелген автокөліктерді алып жүрді.

Көптеген жүргізуші мен жолаушылар полицейлерге өз ризашылықтарын білдіріп, олардың ескертулерін тыңдауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары