Павлодарда пәтерлердің бірінен адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген 3 бала табылды

Azattyq Rýhy

Жауапсыз ата-ананың ісі енді сотта қаралмақ

Павлодарда пәтерлердің бірінен адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген 3 бала табылды
Фото: astanatv.kz

Павлодарда пәтерлердің бірінен адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген 3 бала табылды. Полицияның айтуынша, ата-анасы бірдей ішімдікке салынып, бүлдіршіндерге мүлдем қарамаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары үйге барған кезде әкелері мас болып жатқан. Бөлмелер астаң-кестең. Аяқ алып жүру мүмкін емес. Балалар аш-жалаңаш. Тоңазытқышта арақтан басқа түк жоқ. Тіпті, 2 және 4 жастағы балалардың жатар орны да болмаған. Жауапсыз ата-ананың ісі енді сотта қаралмақ. Бүлдіршіндер балалар үйіне орналастырылды. Облыс бойынша полиция есебінде тұрған осындай 288 отбасы бар.

 «Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-анаға қатысты Әкімшілік кодекстің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді. Сонымен ата-аналардың мінез құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияда қаралады», - деді қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.