Алматы облысында іздеуде жүрген қауіпті күдікті ұсталды
Күдікті салафиттік діни ағымның белсенді жақтаушысы
4 қараша күні Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 1991 жылғы К. есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел ақпарат бойынша ұсталған адам ҚР ҚК 194 - бабының 4-бөлігі (Бопсалау) бойынша Жамбыл облысының ПД бастамасымен мемлекетаралық іздеуде болған.
«Күдікті салафиттік діни ағымның белсенді жақтаушысы. Тінту кезінде одан діни әдебиеттер, қалта пышағы мен балта табылды. Қазіргі уақытта ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР ҚК 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.