$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2023, 11:07
Қоғам

Ақтөбеде бүлдіршіндерді ұрып-соққан балабақша жабылды

Ал бүлдіршіндердің таяқ жеуіне қатысты тергеумен полиция департаменті айныласуда

Ақтөбеде бүлдіршіндерді ұрып-соққан балабақша жабылды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде қызметкерлері бүлдіршіндерді ұрып-соқты деп айыпталған жекеменшік балабақша жабылды. Облыстық білім басқармасы мекемедегі заңсыздықтарға байланысты мемлекеттік тапсырыспен ақша беруді де тоқтатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

 Комиссияның тексеруінен соң мекеме құрылтайшысы жұмысын тоқтатқаны туралы әкімдікке хабар беріпті. Білім басқармасындағылар «Амир» балабақшасында санитария талаптары да сақталмай, бала тәрбиесіне жөнді қарамағынын енді біліп отыр. Ал бүлдіршіндердің таяқ жеуіне қатысты тергеумен полиция департаменті айныласуда.

Айта кетелік, бөбектерді бұл жерде тас еденге ұйықтатып, жерге отырғызып тамақтандырған. Ал дәрі-дәрмек тұрған шкафтары құрттап кетіпті. Онмен қоса бейнекамерасы жоқ асханаға апарып ұрып-соғады дейді ата-аналар. Осы оқиғадан соң «ұйқысынан оянған» білім басқармасындағылар өңірдегі барлық жекеменшік балабақшаға тексеру жүргізетін болды.

 «Бүгінгі күннен бастап балабақша жұмыс істемейді. Ал осыған дейін мемлекеттік тапсырыспен «Амир»  балабақшасына барып жүрген 70 баланы ата-аналар келісімімен басқа, Ақтөбе қаласында орналасқан балабақшаларға жібереміз», - деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Серіктес жаңалықтары