Мамандар дәріханалардағы парацетамол тапшылығын түсіндірді
Соңғы бір ай дәріханаларда парацетамол мүлдем жоқ

Елімізде коронавирус инфекциясына байланысты дәріханаларда парацетамол дәрісі де маска мен антисептикалық құралдар сынды жоқ болып кетті. СК-Фармация ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп журналистерге арналған брифингте парацетамолдың неліктен жоқ болып кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Коронавирус инфекциясына байланысты елімізде ажиотаж болып жатқанын түсінуіміз керек. Маскалар мен антисептикалық құралдар, соның ішінде, температураны түсіретін парацетамолды да көпшілік жаппай алып жатыр. «СК-Фармация» кейбір арнайы емделушілер тобына поликилинкалар арқылы парацетамолды тегін таратады. Аталған дәрі бізде бар. Оның үстіне бұл дәріні отандық «Нобель» компаниясы өзі өндіреді. Сондықтан бұл коронавирус кезіндегі дүрбелеңге байланысты уақытша жағдай», - деді ол.
Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде бірқатар азық-түлік пен дәрілердің бағасы қымбаттаған. Өзбекстаннан келетін зімбір тамырының бағасы кейбір өңірлерде 20 мың теңгеге дейін жетсе, күнделікті тұтынатын қант бағасы 35 теңгеге қымбаттаған.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан