$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.04.2020, 19:20
Қоғам

Оқушыларға онлайн сабақ болмайды – министр

6 сәуірден бастап мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді

Оқушыларға онлайн сабақ болмайды – министр

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов 1 сәуірде өткен жаппай сынақ-сабақ кезінде белгілі болған қиындықтарды атады. Ол бір мезетте оқушыларды онлайн оқыту мүмкін емес екенін мойындап отыр.

«Сынақ -сабақ өткізу арқылы бірнеше олқылықты көрдік. Онлайн бір мезетте мыңдаған баланың қосылуын көтермейді. Көп ыңғайсыздықтар болды. Оны сынып сағаты өткенде көрдік. Техникалық ақаулар жеткілікті. Сондықтан онлайн оқытудың орнына, бірнеше платформа арқылы қашықтан оқытуды жүргізуіміз қажет» - деді ол.

Сондықтан елде 6 сәуірден бастап 3 миллионнан астам мектеп оқушыcы қашықтан оқу форматына көшеді. Алдын ала жазылған видео сабақтар 10 минутқа созылады.

«Қашықтан оқу елімізде төрт тетік бойынша жүргізілетін болады. Бірінші, телеарналар арқылы сабақ жүргіземіз. Бұл «Балапан», «Ел арна» телеарнасы. Сабақ біреуінде қазақша, екіншісінде орыс тілінде жүргізіледі. Күніне 8 сағаттан эфирді алып отырмыз. Жалпы, кесте дайын. Кестені бұқаралық ақпарат құралдарына беріп, ата-ана, ұстаз, мектептерге таратудамыз. Әр видеосабақ 10 минутқа созылады. Бүгінге дейін 500-ге жуық видеосабақ түсірілді. Жалпы, видеосабақтардың саны 3 360 болады. Ең басты пәндердің бәрі қамтылады», - деді министр.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Cұлтан

Серіктес жаңалықтары