$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.11.2023, 17:38
Қоғам

Есірткі тасымалдайтын жасөспірімдер бос бостандығынан айырыла ма

Бүгінгі күні заң одан сайын қатаңдатылып жатыр

Есірткі тасымалдайтын  жасөспірімдер бос бостандығынан айырыла ма

Есірткі тасымалдайтын кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер бос бостандығынан айырыла ма? Бұл сұраққа ОКҚ алаңында өткен брифингте ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бақытжан Әмірханов есірткі тасымалдаушыларға жасына және басқа жағдайларға қарай орташа есеппен 7,5 жылға бас бостандығынан айырылатынын айтты. Бұл кәмелетке толмағандарға да қатысты.

«Әрине, оларды Telegram арналары арқылы лақап атпен куратор жұмысқа алған кезде жасөспірімдердің ойын адастырады. Мысалы, «егер полиция сені ұстаса, олар сені кәмелетке толмағандықтан босатады» дейді. Бірақ бұл – миф. Олар кәмелетке толмаған болса да, түрмеде отырғаны шындық. Түрмедегі ең жас есірткі тасымалдаушының жасы 14-те», - деді Әмірханов.

Ол атағандай, жастарды алдап-арбайтын кураторлар есірткі топтарын ұйымдастырғаны үшін 25 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары