$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2023, 12:58
Қоғам

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлері мен басшылығы болған апаттар үшін қатаң түрде жазасын алуы керек – «AMANAT» депутаты

Ол шетелдік инвесторларға қойылатын талаптар жайлы айтты

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлері мен басшылығы болған апаттар үшін қатаң түрде жазасын алуы керек – «AMANAT» депутаты
Фото ашық дереккөзден

«AMANAT» партиясының атынан сайланған депутат Нартай Сәрсенғалиев Костенко шахтасындағы болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Біз әлемде жер көлемі жағынан 9 орын алатын мемлекетпіз дейміз. Қазақстанның байлығы шашылып, төгіліп жатқанымен, бізде шашылып,төгіліп жатқан адам жоқ. Біз үшін әрбір азамат құнды. Заңнама мен Конституция бойынша Қазақстанның ең басты құндылығы-адам. Әрбір азаматымыз үшін біз жауапты болуымыз керек. Шетелден келген инвесторлар жоба ретінде қанша қаражат әкелсе де, олардың ең бірінші міндеті - адамдардың денсаулығы мен өмірінің сау болуы, жұмыс орындарында техникалық қауіпсіздіктің сақталуы. Жұмыс келісімшарты бойынша азаматтардың жұмысқа орналасуы сынды дүниелер басымдықта болуы керек»,- деді Сәрсенғалиев.

Депутат атағандай, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында бүгінге дейін бірқатар апат болды.

«Бұған дейінгі болған апаттар оларға ешқандай сабақ болмаған. Өзінің қателігінен ақылды адам сабақ алады, ақымақ адам ешқашан сабақ алмайды. Компанияны осы тұрғыдан ақылды дей алмаймыз. Шахталарда жүздеген адам опат болды. Бұл үлкен жайт. Сондықтан Мемлекет басшысының аталған компаниямен инвестициялвқ жобаларды тоқтатуға қатысты Үкіметке берген тапсырмасы-өте дұрыс бастама. Компания Қазақстаннан кетуі керек. Олармен жұмыс түгел тоқтатылуы керек. Олардың акционерлері мен басшылық құрамы Қазақстаннан шығарылмауы керек. Олар бұған дейінгі болған апаттар үшін қатаң түрде жазасын алуы керек. Осыған дейін компанияға тексеріс жүргізген адамдарды да тексеру керек деп санаймын»,- деді Нартай Сәрсенғалиев.

Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан кеншілердің саны 36-ға жетті.

Серіктес жаңалықтары