$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2023, 16:27
Қоғам

1 келісі – 1550 теңге: Қызылордада киік еті ашық саудаға салынған

Облысқа Қарағандының ет өңдеу зауытынан келісімшарт негізінде 120 бас киік еті тасымалданған

1 келісі – 1550 теңге: Қызылордада киік еті ашық саудаға салынған
Фото: inbusiness.kz

Қызылордада «Қызыл кітапқа» киік еті ашық саудаға салынған, оның 1 келісі 1 550 теңгеге саудаланыпты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Исатай Әбдразақов облысқа Қарағандының ет өңдеу зауытынан келісімшарт негізінде 120 бас киік еті тасымалданғанын айтады.

«26 қазан күнгі әлеуметтік желілерде киік сату мәселесі бойынша инспекция мамандарымен, құқық қорғау органдарымен және «Охотзоопром» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен жедел қимыл жасалып, киік сатып жатқан автокөлік Қызылорда қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Қазір жедел тергеу амалдары жүргізілуде, заңдылықтарына сәйкес. Айта кететін болсақ, республика аумағында 4 облыста киіктердің санын реттеу үшін аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қарағанды облысының ет өңдеу зауыттарынан келісімшарт арқылы 120 бас киік Қызылорда қаласына тасымалданған. Оның қаншалықты заңдылыққа сай келетінін құқық қорғау орындары бағасын береді. Қызылорда облысы көлемінде киіктерді аулауға, яғни, киіктердің санын реттеуге рұқсат берілмеген», – дейді ол.

Жалпы, қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 30-ға жуық дерегін анықтаған.

Іс-шараның басты мақсаты – биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу.

Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 7 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 27 дерегі (1 қылмыстық іс және 26 әкімшілік құқықбұзушылық) анықталып отыр.

Серіктес жаңалықтары