29.10.2023, 11:18
Қоғам
Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі
Қарағанды әкімдігі қаза тапқан кеншілердің отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр
Фото: tengrinews.kz
Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетілетін болады.
Атап айтқанда, келесі қолдау шаралары қарастырылған:
- компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып алу;
- моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем;
- асырауында болған балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін);
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайынғы төлем;
- қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
- жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеу;
- жерлеуге байланысты барлық шығындарды өтеу;
- қаза тапқандардың балалары мен жұбайларын жұмысқа орналастыру;
- 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу;
- қаза тапқандардың жұбайлары мен балаларына санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беру;
- үйді пешпен жылытатын отбасыларға жыл сайын көмір бөлу.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету мәселелері ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
14.11.2025, 12:53
Есірткі қолданып, көлік жүргізуден шеттетілген: Төреғали Төреәлі елде жоқ жүргізуші куәлігіне ие болды (ВИДЕО)
14.11.2025, 18:06
Қазақстанда биылғы қыста ауа райы қандай болады: алдағы бірнеше айға арналған болжам жарияланды
14.11.2025, 15:18
Шымкентте ер адам қымбат көлігін көпқабатты үйдің үстіне кранмен шығарып, дрифт жасады (ВИДЕО)
14.11.2025, 17:55
Астананың білім басқармасы тұмауға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады
14.11.2025, 10:10
Астанадағы StandupAstana әзіл кешінің соңы дауға ұласты
Редактордың таңдауы
14.11.2025, 17:55
Астананың білім басқармасы тұмауға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады