$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2023, 09:33
Қоғам

Ірі мөлшерде бюджет қаржысын ұрлаған: Атырауда емхана директоры қамауға алынды

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы басталды

Ірі мөлшерде бюджет қаржысын ұрлаған: Атырауда емхана директоры қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Атырау қаласындағы №4 емхананың директоры бюджеттің ірі мөлшердегі қаржысын ұрлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Атырау қалалық №4 емхананың директоры бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікпен ұсталды. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбады.

«ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары