28.03.2020, 16:32
Қоғам
Төтенше жағдай кезінде беташар жасаған Тараз тұрғыны қамауға алынды
Ол бес тәулікке қамалды
Фото: видеокадр
Облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны үйінде беташар ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды. Ол бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы ПБ ЖПҚ басшысы Мамытбековтің айтуынша, беташар жүргізген асабамен полиция қызметкерлері әңгіме жүргізіп, ТЖ режимінде ондай жағдайларға жол беруге болмайтынын ескертті.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар «Коронавирус» әнін тойда шырқап, билеп жүр
«Жамбыл облысының полиция департаменті төтенше жағдай кезінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын елемейтін және халықтың денсаулығына қауіп төндіретін адамдар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді», - деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Халықтың көңілін көтергім келді – беташарда «Коронавирус» әнін орындаған асаба
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты