ШұғылCOVID-19 жұқтырған 16 науқас аса ауыр халде жатыр

Алматыда коронавирус ошағының 22 аймағы тіркелді

Вирустың ошақ аймағынан тарап кетпеуі үшін күшейтілген жұмыстар жүргізуде

Фото: tengrinews.kz

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, 28 наурыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы аумағында коронавирус инфекциясы ошағының 22 аймағы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Әуезов ауданында екі ошақ бар. Ол Жетісу-2 ықшамауданы, 70а мен Мамыр-4 ы.а., 313 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданында бес ошақ тіркелді. Атап айтқанда, Заря-Восток ықш., Сары-ой көшесі, 234 үй; Ақкент ықш., 7 үй Ақбұлақ ықш., 9; Жасыл Желек к-сі, 13; Тойшыбек батыр к-сі, 121 үй мекен-жайы.

Алмалы ауданында үш ошақ бар. Олар – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16 және Жароков көшесі, 7.

Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар – Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75; Қонаев к-сі, 62; Самал ықш., 3 пен 5 үйлер.

Жетісу ауданында 4 ошақ тіркелді. Еңлікгүл көшесі, 34а; Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықш., 45 үйде.

Түрксіб ауданында 2 ошақ тіркелді. Жұлдыз ықш., 45; Жұлдыз -1 ықш., 13 үй.

Бостандық ауданында 1 ошақ бар. Тұрғыт Озал көшесі, 242 үй.

Наурызбай ауданында 1 ошақ тіркелді. Береке көшесі 1/97 мекен-жайында орналасқан.

«Қала билігі тұрғындарды карантин режимін сақтауға шақырады. Қала әкімдігі медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерімен бірлесіп, қауіпті індеттің таралуына тосқауыл болып, вирустың ошақ аймағынан тарап кетпеуі үшін күшейтілген жұмыстар жүргізуде», - деп жазылған хабарламада.