$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.03.2020, 18:28
Саясат

Қазақстандықтар «Коронавирус» әнін тойда шырқап, билеп жүр

ІІМ әзірге ресми ақпарат берген жоқ

Қазақстандықтар «Коронавирус» әнін тойда шырқап, билеп жүр

Әлеуметттік желілерде Қазақстанның бір өңірінде коронавирус туралы ән айтып, беташар рәсімін өткізген асабаның видеосы пайда болды. Үйдің ауласындағы көпшілік жиында ол бидің ырғағына келетін музыкамен қонақтарды ортаға шақырады.

«Коронавирус, кет, кет, кет. Коронавирус,  нет, нет, нет. Коронавирус, жақындама, жолама. Билеп, билеп шығамыз. 5 мыңды саламыз. Келін, келінжан, сәлем», - деген сөздермен әндетеді.

Бұл видеоның қай аймақта түсірілгені әзірге белгісіз.  Әлеуметтік желідегі келесі бір видеода адамдар аулада коронавирус жайлы әнге билеп жатады. Бірақ ол музыканың дыбысы тым анық болғандықтан, монтаждалған өнімге көбірек ұқсайды.

Әлеуметтік желі қолданушылары беташар Оңтүстік өңірлердің бірінде болғанын жазып жатыр. «Azattyq Ruhy» Қызылорда облысы полиция департаментіне хабарласқан еді, баспасөз қызметі мониторингтік топтың видео ол өңірде түсірілмегенін анықтағанын айтты. Түркістан облыстық полициясы да мұны жоққа шығарды. Ал Жамбыл облыстық полициясы видеоның шығу тегін әзірге  тексеріп жатыр.

Еске салсақ, жақында белгілі қазақстандық композитор Марат Омаров коронавирус туралы ән шығарып, ол ел арасында кең тарап кеткен болатын. Тойда түсірілген видеоларға қатысты әзірге Ішкі істер министрлігі қандай да бір ақпарат берген жоқ.

Айта кету керек, коронавирустың алдын алу үшін, Қазақстанда 16  наурызда төтенше жағдай жарияланды. Заң бойынша ТЖ режимін бұзғандарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 15  тәулікке қамауға алынды. 

Серіктес жаңалықтары