$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.08.2023, 13:09
Қоғам

«Мен мұнда өлгім келмейді»: үндістандыққа тұрмысқа шыққан қарағандылық әйел елге қайта алмай жүр

Ол жолдасынан зәбір көріп жүргенін айтты

«Мен мұнда өлгім келмейді»: үндістандыққа тұрмысқа шыққан қарағандылық әйел елге қайта алмай жүр

Үндістандық азаматқа тұрмысқа шыққан қарағандылық әйел Қазақстанға қайта алмай жатқанын айтып шағымданды. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Автордың жазуынша, қазіргі уақытта зардап шеккен әйел үшін ең бастысы — Үндістаннан шығу. Бірақ өкінішке қарай, оның кіші балаларында визалары жоқ, ал үлкенінің виза режимі бұзылған.

Жәбір көрген келіншек күйеуі некеге дейін өзін жақсы қырынан көрсеткенін айтқан. Ал соңғы төрт жылда ұрып-соғуды әдетке айналдырған екен. Тіпті тамақты шектеп, отбасын ешқайда шығармайды. Одан қалса, үлкен қыздары мектептке де бармайды.

«Егер де менің бұл жерден шығуыма қандай да бір мүмкіндік бар болса, маған көмектесіңіздерші. Мен мұнда өлгім келмейді, балаларымның болашағы жарқын болғанын қалаймын. Ол балалардың көзінше маған тамақ пен өзге заттарды лақтырады», - дейді келіншек Дина Тәңсәріге жазған хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары