$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2019, 11:27
Қоғам

Құмар ойын киелі Маңғыстауға да баруы мүмкін

Парламентке ойын алаңдарының санын арттыру бойынша заң жобасы түсті, онда Талғар, Панфилов аудандары мен Маңғыстау облысында жаңа казинолар салу көзделген

Құмар ойын киелі Маңғыстауға да баруы мүмкін
e-burabay.kz

Елімізде құмар ойындар мен бәс тігуге қызмет көрсету көлемі 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында 6,3 млрд теңгені құрапты, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 41,9% төмен, сондай-ақ бұл соңғы 7 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Бұл туралы ranking.kz жазады.

Өңірлер арасында осы бағытта қызмет көрсету көлемі жөнінен Алматы облысы алда келеді, өйткені Қапшағайда казино мен ойын автоматтар залына рұқсат етілген. Бұл өңірде қызмет көрсету көлемі өткен жылмен салыстырғанда 32,7% төмендеген (4,7 млрд тг), алайда республика бойынша үлес салмағы 64,2%-дан 74,5%-ға дейін өскен.

Екінші орында Ақмола облысы, Щучье қаласында да ойын бизнесіне рұқсат етілген. Ондағы қызмет көлемі 852,5 млн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға өскен. Ал, республика бойынша үлесі 7,6%-дан 13,6%-ға дейін жеткен.

Үздік үштікке Алматы қаласы кіреді. Бұл өңірде қызмет көлемі 390,8 млн теңгеге жеткен, бірақ өткен жылмен салыстырғанда 18% төмен. Соған қарамастан, республика бойынша үлесі 4,4%-дан 6,2%-ға жеткен.

Парламентке ойын алаңдарының санын арттыру бойынша заң жобасы түсті, онда Талғар ауданындағы Алатау елді мекенінде (Алматы облысы), Панфилов ауданындағы Пиджим елді мекені (Алматы облысы) мен Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағасындағы курорт аумағында жаңа казинолар салу қарастырылған. Мақсат - жаңа ойын алаңдарын салу арқылы туризм саласын дамытып, инвестиция көлемін арттыру.

Құмар ойындар мен бәс тігу бойынша шетелдіктерге тиесілі кәсіпорындардың қызмет көрсету көлемі 1,7 млрд теңгені құрады (жалпы үлесі 27,1%).

Серіктес жаңалықтары