$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2023, 20:30
Қоғам

Алматыда қатты желден ағаштар құлап, жарық өшіп қалды

2 сағаттың ішінде жарық қосылады деп жоспарланып отыр

Алматыда қатты желден ағаштар құлап, жарық өшіп қалды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматының бірқатар ауданында электр желісінде апат болып, жарық өшіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

«Алатау жарық компаниясы» АҚ мәлімет еткендей, қатты желдің салдарынан қаланың кейбір аудандарында ағаштар құлаған.

«Қатты желден электр тарату желісіндегі 6-10-0, 4 киловольт ажыраған. Салдарынан жарық өшіп қалған. Электр қуаты Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфуллин көшелерінде өшті. Электр қуатынсыз қалған аудандарды «АЖК» АҚ сайтының картасынан көруге болады. Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 сағаттың ішінде жарық қосылады деп жоспарланып отыр», делінген «Алатау жарық компаниясы» АҚ хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Алматыдақ нөсер жаңбыр жауған. Дауыл желден ағаштар құлаған.

Серіктес жаңалықтары