Түрмеге мантының ішіне салып, есірткі өткізбек болғандар ұсталды
Алынған зат салмағы 3,19 грамм болатын есірткі заты - гашиш болып шықты
Астанадағы тергеу изоляторына мантының ішіне есірткі салып өткізбек болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің № 64 мекемесіндегі режимдік және жедел бөлім қызметкерлерімен, елордалық тергеу изоляторында ұсталған тергеу-қамауға алынған азаматқа әкелінген сәлемдемені тексеру кезінде мантыда қара-жасыл түсті, ерекше иісі бар, ұқыпты түрде жасырылған полиэтилен пакетке оралған зат табылып, тәркіленді.
Осылайша, мекеме қызметкерлері есірткі затын тергеу изоляторының аумағына беру әрекетін тоқтатты.
Бұл факт стационарлық бейнебақылауға, сондай-ақ киілетін бейнетіркеуішке тіркелген.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 3,19 грамм болатын есірткі заты - гашиш болып шықты.