21.07.2023, 21:11
Қоғам
Алматы облысындағы ауылдарды су шайды
Куәгерлердің айтуынша, ауылдарын су шайып кеткен
Фото: Ашық дереккөзден
Алматы облысының кейбір ауылдарында толассыз жауған жаңбырдан сел болған. Әзірше зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сел Алматы облысының Жамбыл ауданы Қараарша және Бесмойнақ ауылдарында болған. Куәгерлердің айтуынша, ауылдарын су шайып кеткен.
21 шілде күні кешке оқиға орнынан видеолар тарап жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көрші елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Әзірше зардап шеккендер мен су басқан үйлер туралы да мәлімет айтылмады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді