Павлодар облысында жаңа төселген жол үгітіліп жатыр
Ауыл жолын жөңдеген аудандық мәслихат депутатының фирмасы екен
Павлодар облысында жаңа төселген жол үгітіліп жатыр. Хмельницкое ауылының тұрғындары көптен күткен тас жол тым сапасыз деп шу шығарды. Себебі асфальт жабындысы қазірден-ақ ойылып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.
Ауыл жолын жөңдеген аудандық мәслихат депутатының фирмасы екен. «Шығыс жолдары» компаниясы бұдан басқа тағы екі көшені жасауы тиіс. Оған жергілікті бюджеттен 80 миллион теңге қарастырылған. Ал, депутат орташа жөндеу жұмыстарын 70 миллион теңгеге жасап беремін деп уәде етіпті. Бұл ұсынысқа аудандық шенеуніктер қуана келіскен. Алайда, депутаттың компаниясы төсеген жолдар сапасыз болып шықты. Енді атқамінерлер кем-кетікті жөндеуге мердігерді міндеттейміз деп отыр.
«Жергілікті учаскелерде жабын жиегінің бұзылуы бар. осыған байланысты «Шығыс Жолдары» ЖШС мердігерлік ұйымына 10 жұмыс күні ішінде анықталған ақауларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлама жіберілді. Осы талаптар орындалмаған жағдайда аудан әкімдігі мердігерді сотқа беруді жоспарлап отыр», - дейді Жылыбұлақ ауылдық округінің әкімі Ақылбек Сұлтанов.