$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2023, 21:43
Қоғам

Түркістан облысында Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған бір бала қайтыс болды

Кене шаққан баланың қайтыс болуына медициналық көмекке кеш жүгінуі себеп болған

Түркістан облысында Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған бір бала қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған бір бала қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мамандардың сөзінше, кене шаққан баланың қайтыс болуына медициналық көмекке кеш жүгінуі себеп болған.

Сондықтан дәрігерлер кене шаққан жағдайда бірден дәрігерге көріну керектігін ескертеді.

«Кенеге қарсы бүкіл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кене шаққан адам тез арада дәрігерге жүгінуі керек. Кенені қолмен алып, жұлып, мыжғылап тастауға болмайды. Арнайы қысқышпен ақырын тартып алу керек. Себебі, қан шашырап адамға ауру жұғуы мүмкін. Кене шаққан адам 14 күндік медициналық бақылауға алынады», - деді Бахтыораз Елемесов.

Жалпы, Түркістан облысында жыл басынан бері 985 адамды кене шаққан. Оның ішінде ең көбі Сауран ауданында тіркеліп отыр.

Серіктес жаңалықтары