Ұлытау облысында жылуға бөлінген 4 млрд теңге тиімсіз жұмсалған
Монополист компанияны сенімгерлік басқаруға алғандар кәсіпорын жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмаған
Жезқазған қаласын жылумен және сумен қамтамасыз ететін кәсіпорын мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірді. 4 млрд теңге тиімсіз жұмсалған. Бұл заң бұзушылық облыстық прокуратура, жемқорлыққа қарсы қызмет және әкімдік мамандарының бірлескен тексерісі нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Монополист компанияны сенімгерлік басқаруға алғандар кәсіпорын жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмаған. Енді кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін.
«Желілерді ұстауға, заңсыз жалақылар мен сыйақыларды беруге, адамдарды жалған жұмысқа орналастыру, көрсетілмеген қызметтерге ақы төлеу туралы сомаларды түбіртектерге енгізу және тағы басқа. Қазіргі уақытта кредиторлық берешектерді, оның ішінде бизнес өкілдерінің алдындағы берешектерді өтеуге бағытталған жұмыстар аясында 3 млрд теңгеден астам қаражатты қайтару қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сенімгерлік басқарудан сумен, жылумен жабдықтау кәсіпорнын мемлекетке қайтару сұрағы қазіргі таңда қарастырылуда», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі офицері Гүлнұр Сүлейменова.