Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі көтеріледі – вице-министр

Azattyq Rýhy

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі қайта қаралады

Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі көтеріледі – вице-министр
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талап пен мәртебесі көтеріледі. Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, әлеуметтік жұмыспен біліктілігі тәуелсіз бағалаудан өткен сертификатталған мамандар ғана айналыса алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Кәсіби біліктілігі, көрсетілетін қызмет түрі мен сапасы туралы толық ақпараттан тұратын әлеуметтік қызметкерлердің тізілімі әзірленеді. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің біліктілік деңгейі, санаты мен ерекшеліктері ескеріле отырып, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі қайта қаралады», - деді ол.

Төртінші новелла азаматтарды әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне қатысты. Ақмади Сарбасов қазіргі сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдің 5 түрінен сақтандырып, ол халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетінін хабардар етті.

«Оның негізі сақталып, тек мақсаты өзгереді. Жүйе әлеуметтік төлем төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен, азаматтарды формальді форматта жұмыс істеуге ынталандыруды көздейді», - деп хабарлады вице-министр.

Бұл ретте ұсынылатын өзгерістердің басты тренді – жүйеге мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қатысуы. Қатысу уақыты мен әлеуметтік төлемдер мөлшерінің арасындағы байланысты күшейту; әлеуметтік жарналарын уақытылы аударып отырған жұмыскерлерге сақтандыру қорларынан әлеуметтік төлемдер мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайту болмақ.

«Биылдан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлеген уақытына сәйкес 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр. Әлеуметтік кодексте, Салық кодексте және басқа да заңдарда көзделген шаралар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік сақтандыру жүйесімен барынша қамтуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деп атап өтті Ақмади Сарбасов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.