2025 жылдан бастап кедейлік шегі медиандық табыс арқылы анықталады

Azattyq Rýhy

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Әлеуметтік кодекстің негізгі міндеттерін түсіндірді

2025 жылдан бастап кедейлік шегі медиандық табыс арқылы анықталады
Фото ашық дереккөзден

2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек беру үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейі арқылы емес, медиандық табыс деңгейі арқылы анықталады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесін зерттедік. Бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі медианалық кірістің 40%-іне, Канадада 50%-іне, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Германия және Францияда – 60%-не пара-пар. Біз де осы тәжірибені енгізуді көздеп отырмыз», - деді Ақмәди Сарбасов.

Үшінші новелла – әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің трансфомациялауға қатысты. Мұндағы негізгі мақсат - мүгедектігі бар азаматтардың көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қолжетімділігін арттыру.

«Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін тарту. Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші ретінде рәсімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және осы кірістен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады. Тағы да өзгерістердің бірі - арнаулы әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарттарын даярлап, жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу қарастыру», - деді вице-министр.

Ақмәди Сарбасовтың сөзінше, оның мөлшері қызметтер үшін жеке норматив, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін шектеулі бағалар түрінде жіктелетін болады. Вице-министр бұл өзгерістер бір жағынан кейбір жекелеген қызмет немесе тауар түрлерін монетизациялауға алып келеді және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жеке секторды кеңінен тарту арқылы саланың инфраструктурасын ауылдық жерге дейін жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.  Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет порталы бойынша жергілікті атқарушы органдар жанында құрылған комиссияларға жаңа құзыреттер беру жоспарланып отыр.

«Олар: мүгедектегі бар азаматтардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы айтылған өтініштерін әлеуметтік қызмет порталы арқылы қабылдау және 5 күн ішінде қарау; өнім берушіні немесе қызмет көрсетушіні әлеуметтік қызмет порталынан алып тастау және оны міндеттемелерін адал атқармайтын өнім беруші тізіміне енгізу туралы шешім қабылдай алатын болады», - деді Сарбасов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.