$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2023, 11:04
Қоғам

Түркістан облысында жалған есеп берген 174 ауыл әкімі жауапқа тартылды

Прокурорлар жайылымдық жерлердің жасанды тапшылығын анықтады

Түркістан облысында жалған есеп берген 174 ауыл әкімі жауапқа тартылды
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысының прокуратурасы «Қолжетімді жайылым» жобасының аясында 174 ауыл әкімін 5 млн теңгеге жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның хабарлауынша, әкімдер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша әкімшілік жауапқа тартылған.

«Әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерге шаруа қожалықтарындағы мал санын қасақана қосып жазған. Соның салдарынан бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару жобасын түзу және бекіту барысында қолданған. 

Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн га-дан 652 мың га дейін төмендеген», - делінген хабарламада.

Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұдан алдын бекітілген мағыналас Жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Осы тектес кемшіліктерді алдын алу мақсатында Стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша агенттігіне, Ауылшаруашылығы министрлігіне және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныстар жолданды», - делінген облыс прокуратурасының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары