$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2023, 10:51
Қоғам

«Ел еңсесін көтерді»: Марқакөл тұрғындары Президент пен AMANAT-қа алғыс білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шекаралас ауданды қалпына келтіру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын

«Ел еңсесін көтерді»: Марқакөл тұрғындары Президент пен AMANAT-қа алғыс білдірді

«AMANAT» партиясы шекаралас аудандарды қалпына келтіру мәселесін үнемі көтеріп келеді. Жуырда Мемлекет басшысы партияның бұл бастамасына қолдау білдіріп, үш ауданды қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдады. Олардың қатарында Марқакөл ауданы да бар. Осы орайда, марқакөлдіктер ел Президенті мен партияға алғысын білдіріп, үндеу жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«AMANAT» партиясының бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауымен Марқакөл ауданын қалпына келтіру жөнінде қабылданған шешім ел еңсесін көтерді. Бұл – біз үшін көптен күткен ортақ арманымыз орындалған күн. Шекаралық аудандарды дамытуға бағытталған тарихи нақты шешім қабылданды. Әрине, Үкіметке артылар жүк – ауыр. Алайда Марқакөл топырағында кіндік қаны тамған әр азамат өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қайта жандануына қол ұшын созып, қолдайды деп сенеміз. Шекарамыз берік, халқымыз аман болып, бірлігіміз нығая берсін», – деді марқакөлдіктер.

Шекаралық аудандар мен ауылдарды дамыту – ел мен жердің тұтастығына, ұлттық қауіпсіздікке үлес қосу деген сөз. Өкінішке қарай, отандастарымыз орталықтан шалғай орналасқан ауылдардан үдере көшіп, шекара шебі жалаңаштанып жатыр. Осы мәселеге партияның сайлауалды бағдарламасында да баса мән беріліп, елімізде 80-нен астам ауыл шекара бойында орналасқаны, алайда мұндай ауылдарда өмір сүру деңгейі төмендігінен, жол мен әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығынан халық жаппай көшіп жатқаны айтылды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында «AMANAT» партиясы бірқатар шекаралас ауданды қалпына келтіру туралы бастама көтергенін, соған сәйкес Қатонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдағанын айтқан еді.

«Мен аймақтарды, оның ішінде ауылды өркендету ісіне ерекше мән беремін. Былтыр Президент сайлауынан кейін, ең алдымен, ауылды дамыту мәселесіне арналған Жарлыққа қол қойдым. Үкімет алдағы 5 жылда ауылды дамытуға айрықша күш салатын болады», – деді Президент.

Серіктес жаңалықтары