Шымкентте басқарма басшысы 13 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Azattyq Rýhy

Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды

Шымкентте басқарма басшысы 13 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Фото: gov.kz

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент бойынша департаментінің басшысы Дәурен Серғазин өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын Қоқанбаев Мұхтар Сәтіллаұлы басқарады.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.