$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2023, 12:01
Қоғам

Үй тирандарына қылмыстық жаза 6-дан 10-жылға дейін көбейді

Бұған дейін106-бап бойынша жаза 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру болған

Үй тирандарына қылмыстық жаза 6-дан 10-жылға дейін көбейді
Фото: yarnovosti.com

19 мамырдан бастап «Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу бойынша адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл заңмен отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық кодекстің 106 (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 107-баптарында (Ауырлығы орташа) «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау» деген саралау белгілері енгізілді.

«Егер бұрын 106-бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделсе, қазір жаза 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды. Сонымен қатар әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталуы мүмкін. Азаматтарды отбасылық-тұрмыстық салада жауапты болуға шақырамыз», – деді полицияда.

Серіктес жаңалықтары